Домой Новости Ресейлік әнші Назарбаев сыйлаған сағатын ұрлатып алғанын айтты

Ресейлік әнші Назарбаев сыйлаған сағатын ұрлатып алғанын айтты

Атақты Ресей әншісі Александр Серов НТВ арнасындағы“Секрет на миллион” бағдарламасына келіп, бұрынғы әйелі Елена Стебуновамен неліктен ажырасып кеткені туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Александр Серов. Бағдарламадан скриншот

Александр Серов. Бағдарламадан скриншот

“Я люблю тея до слез” хит әнінің орындаушысы бұрынғы әйелінің ішімдікке құмар болғанын, көзіне шөп салғанын және ұрлық жасайтынын ашық айтты.

Бағдарлама жүргізушісі Лера Кудрявцева әншіден қолсағатымен болған оқиға туралы айтып беруін сұрады.

“Құрметті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара маған үлкен қорапшаға салынған сағатты сыйға тартқан болатын. Мен оны үйге алып келдім. Оны барлығы көрді. Лена (бұрынғы әйелі) асүйде көрді”, – деді әнші.

Оның айтуынша қызы Мишель сағаттың бағасын білгісі келіп, ғаламтордан тауып алады да, ата-анасына оның 310 мың доллар тұратын айтқан екен.

Көп ұзамай Серов гастрөлдік сапарға аттанады. Ал сағатты сейфке тығып қоймай, кабинетінде қалдырып кетіпті.

“Бір аптадан кейін келсем, сағат орнында жоқ. Мен Мишельден сағат қайда деп сұрадым. Ол “Мамамның Ира деген құрбысы келіп, сағатты сатып алды” дейді. “Қаншаға алды, қалай болды?” десем, “130 мың долларға алды-ау деймін” деп жауап берді”, – деп ашылды Серов.

Әнші істің мән-жайын білейін деп, бірден әйеліне барыпты.

“Не болды? Мен де жақсы өмір сүргім келеді”, – деген екен әйелі.

Александрдың сөзінше, бұрынғы жары сағатты сатқан ақшаның 70 мың долларына “Лексус” сатып алған. Ал қалғанын қайда жібергенін білмейді екен.

Ол әйелімен сегіз жыл бұрын ажырасып кеткен.

comments powered by HyperComments