Домой Новости Он жыл бұрынғы хитті орындаған отандық әншілер желіде талқыға түсті

Он жыл бұрынғы хитті орындаған отандық әншілер желіде талқыға түсті

Қазақстандық танымал әншілер Жігер Ауыпбаев пен Гүлнұр Оразымбетованың жақында ғана тыңдарманға жол тартқан “Өзің ғана” әніне түсірілген бейнебаяны желіде қызу талқыға түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Он жыл бұрынғы хитті орындаған отандық әншілердің клипі талқыға түсті

Он жыл бұрынғы хитті орындаған отандық әншілердің клипі талқыға түсті

Шамамен он жыл бұрын жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің орындауында жарыққа шыққан “Өзің ғана” әні көпшілікке таныс. Тіпті өз уақытында хит болған туындыны Жігер мен Гүлнұр қайтадан тыңдарман қауымға ұсынған.

Олар әнді жаздырып қана қоймай, клип те түсіріп үлгеріпті. Аталмыш бейнебаян жарияланған соң оны талқылаушы тараптың пікірі екіге бөлінген.

Олардың басым бөлігі “Қазаққа қазақтың əні ортақ! Несі бар, əдемі орындаған! Басқа ұлттың емес, өз қазағымыздың əні” дегенді жазып жатыр.

Тек кейбіреулері ғана “Бұрын шыққан әнді қайта орындаудың қажеті жоқ” екенін алға тартқан.

Сондай-ақ, тыңдармандардың көпшілігі Жігер Ауыпбаевтың ерекше дауысына тамсануда.

comments powered by HyperComments