Домой Новости ОҚО-да мешітке келіп, өзіне қол салған азаматты молда құтқарып қалды

ОҚО-да мешітке келіп, өзіне қол салған азаматты молда құтқарып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында мешітте өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды молда құтқарып қалған деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да мешітке келіп, өзіне қол салған азаматты молда құтқарып қалды

ОҚО-да мешітке келіп, өзіне қол салған азаматты молда құтқарып қалды

Сайрамдағы мешіттің молдасы Тұрсынходжа Ханходжаевтың айтуынша, ол қосалқы үй-жайда қолдары мен мойны кесілген ер адамды тапқан.

Дін қызметкері ер адамды үйіне жібермек болыпты, бірақ ол газ шлангісін кесіп жіберіп, өзін өртеген.

Егде жастағы молда отты сөндіріп үлгеріпті. Кейін жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полицияны шақырған.

Зардап шеккен ер адам өзіне назар аудару үшін осындай қадамға барғанын түсіндірді. Мешітке көптен келіп жүрген азамат ішімдікке салынған, әрі отбасында қиындықтар болыпты.

Қазіргі таңда ер адам ауруханаға жатқызылған. Әзірге денсаулығына қатысты мәлімет жоқ.

comments powered by HyperComments