Домой Новости Назарбаев өзіне хат жазған алматылық жеткіншектің арманын орындады (фото) Расказать Вконтакте...

Назарбаев өзіне хат жазған алматылық жеткіншектің арманын орындады (фото) Расказать Вконтакте Расказать в Facebook

Алматы тұрғыны Майсарова Медина Жаңа жыл қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдап, одан ерекше сыйлық алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы “Алматы” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады. Алматы арнасынан скриншот

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады. Алматы арнасынан скриншот

Бесінші сынып оқушысы бір ай бұрын президентке хат жолдап, Назарбаевтан күшік сыйлауын сұраған екен. Президент жеткіншектің өтінішін жерге қалдырмады.

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады (фото)

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады (фото)

Ол асыл тұқымды күшікті Мединаға тура Жаңа жыл қарсаңында сыйға тартқан. Назарбаевтың сыйлығын Мединаға Медеу ауданының әкімдігі табыстады.

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады (фото)

Назарбаев өзіне хат жазған жеткіншектің арманын орындады (фото)

“1 ай бұрын мен президентке хат жаздым. Өзімнің күшігім болса екен деп бұрыннан армандайтынмын. Ал анам үнемі қарсы болатын. Маған сүп-сүйкімді күшікті сыйлаған кезде, қуанышымда шек болмады. Бастапқыда таң қалдым, осындай да болады екен деп. Өзім сияқты балаларға айтарым, үміттерің үзілмесін, армандар орындалады екен”, – деді Медина Майсарова.

comments powered by HyperComments