Домой Новости Назарбаев кімнің Қазақстан президенті бола алатынын айтып берді

Назарбаев кімнің Қазақстан президенті бола алатынын айтып берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында елдегі үштілділіктің маңыздылығына тоқталып, мемлекетті кім басқара алатынын сөз етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Назарбаев кім Қазақстан президенті бола алатынын айтып берді. Фото akorda.kz

Назарбаев кім Қазақстан президенті бола алатынын айтып берді. Фото akorda.kz

“Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілін еркін меңгеру… Орыс тілін білу маңызды. 2016 жылдан бастап жаңартылған бағдарламаларда орыс тілі қазақ мектептерінде бірінші сыныптан бастап өткізілуде.

2019 жылдан бастап жекелеген пәндерді 10-11 сыныптарға ағылшын тілінде өткізуге көшу басталатын болады.

Нәтижесінде біздің барлық түлектеріміз елдегі және әлемдегі тіршілікке қажет деңгейде үш тілді еркін меңгеріп шығады.

Сол кезде нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың адамы өз қызметін таңдауға, тіпті ел президентіне үміткер атануға мүмкіндік алады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады”, – делінген жарлықта.

comments powered by HyperComments