Домой Новости Мектеп директорына қарсы шыққан тараздық мұғалім министрден көмек сұрады

Мектеп директорына қарсы шыққан тараздық мұғалім министрден көмек сұрады

“Бастығымның айтқанына көнбегенім үшін басым дауда қалды” деген ұстаз білім министрінен араша сұрайды. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мектеп директорына қарсы шыққан тараздық мұғалім министрден көмек сұрады

Әбден жыларман халге түскен мұғалімнің айтуынша, Тараздағы №1 гимназияда ақша жинау әдетке айналған. Ал үздік ұстаздармен зейнетке шыққандарға алтыннан алқа тағу – оқу ордасының дәстүрі екен. Шолпан Алдиярованың сөзінше, директор бекіткен дәл осы дәстүге қарсы шыққаны үшін қысым көріпті.

“Онсыз да ақша жинауымыз аздай алтын үшін айлығымызды беруге қарсымын. Қазір бастығым ұжым арасында мені «ақ қарға» қылып қойды. Жиналыста шамыма тиер сөз айтып, намысымды таптады. Онысын аудио таспаға жазып алдым”, – дейді №1 Әлихан Бөкейханов атындағы гимназиясында математика пәнінен дәріс беретін ұстаз.

Жарыстарда жеңімпаз болған ұстаздарға алтыннан алқа тағу дәстүр екенін директор да растайды. Онысын әбестік көрмейтін сыңайлы.

“Алтын алқа емес мынандай кішігірім қолына цепочка тақтық. Енді бұл жерде облыстың аты шықты, қаланың мектептің аты шықты. Ұжымның бірлесіп отырып шешкен өздерінің ойы. Мұғалімге қолдау жасау. Енді бір сый жасалған ғой”, – дейді №1 гимназия директоры Ләззат Қызылғұлова.

Қалалық мәслихат депутаты әрі мектеп директоры айтып отырған алқа соңғы рет үздік ұстаз дәрежесін алған мұғалімге жаңа жыл қарсаңында беріліпті. “Әріптесіме сый-құрмет көрсетуге қарсы емеспін” деген Шолпан алтын тақса мұғалімнің қалтасынан емес, өз қаржысынан төлеуі тиіс деп санайды. Сондықтан енді директорын сотқа бермек.

comments powered by HyperComments