Домой Новости Маңғыстаулық дәрігер тараздық әйелді ажалдан арашалап қалды

Маңғыстаулық дәрігер тараздық әйелді ажалдан арашалап қалды

Маңғыстау облыстық ауруханасының шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Нәдірқожа Мұсаев тараздық тұрғынды ажалдан арашалап қалды. Оқиға Ақтау – Тараз бағытындағы ұшақта болған деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нәдірқожа Мұсаев. Фото: lada.kz

Нәдірқожа Мұсаев. Фото: lada.kz

Дәрігердің айтуынша, ұшақ жоғарыға көтерілгенде жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап кеткен.

“Әйелдің артериальды қан қысымы 60/0 дейін түсіп кетті. Бұл дегеніміз есеңгіреу халінің ең жоғары деңгейі болып саналады. Абырой болғанда ұшақта алғашқы жансақтау көмегін көрсету үшін барлық құрал-жабдықтар бар екен. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмектесті. Дәрілердің көмегімен науқастың қан қысымын 120/80-ге көтердік. Реанимациялық шаралар шамамен бір жарым сағатқа созылды. Таразға ұшып келгенде әйел есін жиған болатын. Біз оны әуежайда күтіп тұрған кардиобригадаға тапсырдық”, – дейді Нәдірқожа Мұсаев.

Науқасты дәрігерлерге тапсырған соң Нәдірқожа Мұсаевқа жолаушылар аяқтарынан тік тұрып, қошемет көрсеткен.

Ал жамбылдық әйелді өлімнен құтқарып қалған дәрігер өзін қандай бір ерлік жасадым деп санамайды.

“Әйелді құтқарып қалғанымды батырлық деп санамаймын, бұл менің күнделікті жұмысым”, – дейді Мұсаев.

comments powered by HyperComments