Домой Новости Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерден пышақтап өлтірген

Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерден пышақтап өлтірген

Маңғыстау облысының Бейнеу аулының тұрғыны өзінің 16 жастағы өгей ұлын 20 жерінен пышақтап өлтірген деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерден пышақтап өлтірген

Марқұмның туған анасы. Скриншот: Астана

Ал марқұмның туған анасы баласының өгей шешесімен тату тұрмағанын айтады. Тіпті ұлын алдағы жазда қайта өзіне алуды да жоспарлапты.

“Ажырасқанда бала күйеуімнің қолында қалды. Енеміз “өзім бағам, өзім қағам” деп айтқан. “Қалса қалсын, жетімдер үйі емес қой әкесінің үйі ғой, барып көріп тұрам ғой сағынғанда” дедім мен.

Баланы котельда пышақтап, сарайға бала бүктетіліп барған дейді. Бір рет пышақ тықпаған, 20 жеріне пышақ ұрып тастаған”, – дейді марқұмның туған анасы Кәмшат Қожақова.

Бұл сұмдық маңғыстаулықтарды дүр сілкіндірді. Мектептегілер де 9 класс оқушысының кісі қолынан қаза тапқанына сене алар емес. Мұғалімдері Нұрсұлтанның салмақты, тәртіпті бала болғанын айтады.

Өгей анасының мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазір тергеу анықтап жатыр. ІІД қылмыстық іс қозғады.

“Бейнеу ауданында болған дерекке байланысты Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық процессуалдық Кодексінің 201-ші бабы бойынша бұдан өзге ақпарат тергеу аяқталғанша жарияланбайды”, – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Жазира Әбіл.

comments powered by HyperComments