Домой Новости Куәгерлер: Астана вокзалында жас жігіт биіктен құлап мерт болды (фото)

Куәгерлер: Астана вокзалында жас жігіт биіктен құлап мерт болды (фото)

NUR.KZ порталының + 7747 535 1298 WhatsApp нөміріне хабарласқан оқырман Астанадағы “Нұрлы жол” вокзалындағы қайғылы жағдай туралы айтып берді. Куәгердің айтуынша, вокзал аумағындағы құрылыс алаңында жас жігіт биіктен құлап көз жұмған. Аталған жайтты ҚР ІІM Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растап отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Куәгерлер: Астана вокзалында жас жігіт биіктен құлап мерт болды (фото)

Оқиға орнынан суреттер жолдаған портал оқырманының айтуынша, бұл жайт бүгін таңертең орын алған. Айтуынша, қайтыс болған жігіт құрылыс алаңында электр монтаждаушы қызметін атқарған.

Астана вокзалында кісі өлімі орын алғанын ҚР ІІM Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі де растап отыр. Алайда олар кісі өлімінің нақты себебі туралы толық ақпаратты жуық арада беруге уәде етті.

“Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлімі, яғни еңбекті қорғау қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде. Сол тергеу амалдары біткен соң нақты ақпарат беретін боламыз”, – деп мәлімдеді ҚР ІІM Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

comments powered by HyperComments