Домой Новости Әйгілі Сары әулие еліміздегі талай министрдің жолын ашып бергенін айтып мақтанды (фото)

Әйгілі Сары әулие еліміздегі талай министрдің жолын ашып бергенін айтып мақтанды (фото)

90 жылдардан бері қазаққа «екінші Кашпировский» ретінде танылған Сары әулиенің ел білмейтін қыры мен сыры жетерлік. Төрт әйел алып, 23 бала сүйген халық емшісі NUR.KZ порталына эксклюзивті сұқбат беріп, отбасылық және жеке сырымен бөлісті. Жаңа жыл қарсаңында ғана қоғам қайраткері атанып, «Ел бірлігі» медалімен марапатталған емші қазір уақытша демалыста жүр екен.

Сары әулие. Фото: NUR.KZ.

Сары әулие. Фото: NUR.KZ.

Сары әулие халықпен жүздескен сәті.Фото: NUR.KZ.

Сары әулие халықпен жүздескен сәті.Фото: NUR.KZ.

«Маған өзі кедейлер келмейді, себебі олар көп ауырмайды. Менің еміме мұқтаждардың көбісі -қалтасы қалыңдар. Яғни, байлар аз қозғалып, мимен көп жұмыс істейтіндіктен жиі дертке шалдығады.

Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің ем жүргізу сәті. Фото: NUR.KZ.

“Әйелдерім мен балаларымның барлығын асырап, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жалпы мен төрт әйеліммен де заңды некем жоқ. Барлығымен шариғат заңы бойынша мешітте неке қидыртқанмын. Бәйбішем Закираның жасы 46-да, Астанада тұрады. Қазір мен кенже әйелім Гулиярамен тұрып жатырмын. Олар бір-бірімен тақаспайды, апалы-сіңілі болып араласады.

Сары әулиенің бәйбішесі Закира мен кенже тоқалы Гулияр. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің бәйбішесі Закира мен кенже тоқалы Гулияр. Фото: NUR.KZ.

Осы уақытқа дейін бір миллион доллардың қайрымдылығын жасадым

«Мен жасаған жақсылығымды көпшілікке мақтанып айта бермеймін. 1989 жылдан бері жетім-жесірлерге бір миллион доллардың қаржысынан аса қайрымдылық жасадым. Әлі де табысымнан кедейлерге бөліп беріп келемін. Осы уақытқа дейін әлемнің әр түкпіренде сеанс жүргізіп, 10 миллион адамды ауруынан айықтырдым. Оның ішінде тіпті Нигерия президентінің ұлы да бар» ,- дейді Марат Исенбаев.

Сары әулие қос қызымен. Фото: NUR.KZ.

Сары әулие қос қызымен. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің "Ел бірлігі" медалімен марапатталған сәті. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің “Ел бірлігі” медалімен марапатталған сәті. Фото: «Менің қабылдауыма облыс, қала әкімдері мен министрлер, депутаттар жиі жазылады. Кейде мен олардың үйіне барып немесе олар маған келіп ем жасаймын. Көбінесе ол кісілер маған ішкі дертімен күресу үшін келеді. Барлығының айтатыны «жолымды ашып берші, тағымды, бағымды сақта!». Отырған қызметін місе тұтпай, тағы да жоғары лауазымға ие болғысы келеді. Талайымен дос болып әлі күнге жақсы араласамын» ,- деп мақтанды Марат қажы.

Сары әулиенің 23 баласы Сұлтана. Фото: NUR.KZ.

Сары әулиенің 23 баласы Сұлтана. Фото: NUR.KZ.

Марат қажының үші әйелі Ақмарал, Закира және Гулияра. Фото: NUR.KZ.

Марат қажының үші әйелі Ақмарал, Закира және Гулияра. Фото: NUR.KZ.

Материал ҚР заңнамасымен қорғалған, көшіріп басуға редакция тыйым салады!

comments powered by HyperComments