Домой Новости “Исекешов қайда қарап отыр”: Елордалықтар мұзбен күресе алмаған қала әкімін сынға алды

“Исекешов қайда қарап отыр”: Елордалықтар мұзбен күресе алмаған қала әкімін сынға алды

Астана тұрғындары қала көшелеріндегі көктайғақ мұзды «кетіре алмаған» қала басшылығын сынап тастады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

“Исекешов қайда қарап отыр”: Елордалықтар мұзбен күресе алмай отырған қала әкімін сынады

Астанада күн күрт суып, шаһар көшелерін мұз басқалы бері тұрғындардың да әбден берекесі қашқан сыңайлы. Айтуларынша, қала ішін көк тайғақ «жайлап», жүріп-тұру да қиындай түскен.Бұл келеңсіздік, әсіресе, қарт-қариялар мен мектеп оқушыларына қиындық тудырып отыр.

«Таңертең ертемен немеремді мектебіне жеткізіп саламын. Үйімізден қатты алыс емес, бірақ мен сияқты жасы егде тартқан адамға біраз жер. Айтайын дегенім, өткенде күн бір жылып, бір суыған уақытта жолдардың бетіне мұз қатып, күнделікті жүріп-тұруымыз қиындап кетті. Баяғыда жолдың бетінде мұз қатса болғаны, топырақ төгіп жатушы еді. Бірақ, бір аптадан асты, топырақ төгіп, тайғақпен күресіп жатқан адам көрген жоқпын.

“Исекешов қайда қарап отыр”: Елордалықтар мұзбен күресе алмай отырған қала әкімін сынға алды

Осыны әкімдік білмей ме, әлде көргілері келмей ме? Исекешов қайда қарап отыр? Бәрінен бұрын мен сияқты кәрі-құртаңдар мен жас балаларға қиын болды. Қиқаңдап діттеген жерімізге жеткенше, талай уақыт кетеді, уақытты қойшы, қол аяғымызды шығарып аламыз ба деп қорқатын болдық», – деп күйінді астаналық Дүйсен Қалиев (аты-жөні автордың өтінішімен өзгертілді) есімді ақсақал.

Көшелерден бөлек, қаладағы тұрғын үйлер арасындағы жолдардың да жағдайы мәз емес. Жердің беті көктайғақ, төгілген топырақ жоқтың қасы.

“Исекешов қайда қарап отыр”: Елордалықтар мұзбен күресе алмай отырған қала әкімін сынға алды

«Миллениум парк тұрғын үй кешенінде тұрамын. Үйімізден аялдамаға дейін жету үшін мына көшені кесіп, келесі бетке өтуіміз керек. Аялдамаға дейінгі жолдың бәрі көктайғақ мұз. Мереке күндерінен кейін топырақ төселеді деп естігенбіз, бірақ, көргендеріңіздей түк те жоқ. Құдай бетін ары қылсын, құласаң оңбайсың.

Бұл жылғыз біздің ауданда ғана емес, бүкіл қала бойынша орын алып отырған жағдай. Әкімдікке айтарымыз, топырақты молынан төсеп, мәселені тездетіп шешсеңіздер»,- деп өз пікірімен бөлісті Астана тұрғыны.

comments powered by HyperComments