Домой Новости ІІМ: Аман қалған жүргізушілер тірідей өртеніп кеткендерді құтқаруға тырысқан

ІІМ: Аман қалған жүргізушілер тірідей өртеніп кеткендерді құтқаруға тырысқан

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбеде өткен брифингте 52 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік апаттан аман қалған автобус жүргізушілері куәгерлік еткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ .

Ақтөбеде өткен брифинг

Жүргізушілердің айтуы бойынша, олар қалған адамдарды құтқаруға тырысқан, бірақ бұл әрекеттері нәтижесіз болыпты. Көлік өртеніп жатқанда рөлде отырғандар автобусты тоқтатып, әріптестерімен бірге сыртқа шығып кеткен.

Олар өзге жолаушыларға көмектесуге әрекет еткісі келіпті, бірақ жалын өте үлкен болғандықтан кабинаның есігі бұғатталып, жабылып қалған.

Журналистер “Басқа автобустардың лицензиясы бар-жоғы тексеріле ме?” деп сұрады, өйткені бұған дейін өртенген көліктің иесінде лицензия жоқ екені анықталған еді.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары бұл тексерістің әрқашан орындалатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қаңтар күні Самара-Шымкент тас жолында, анығында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде 57 адам отырған автобус өртеніп, 52 өзбекстандық азамат қаза тапқан болатын.

Кейіннен аман қалған 5 адамның үшеуі қазақстандық екені анықталды. Олардың барлығы да ОҚО тұрғындары.

comments powered by HyperComments