Домой Новости Елімізге белгілі әнші жасаған “қылмыстары” туралы ашып айтты

Елімізге белгілі әнші жасаған “қылмыстары” туралы ашып айтты

Елімізге ғана емес, алыс-жақын шетеледік көрерменге ерекше стилімен танымал әнші Ғалымжан Молданазар өзі жасаған қылмысы туралы TalkLike бағдарламасында айтты. Әнші телеарналардағы бағдарламаларда амалдың жоқтығынан фонограммамен ән айтқанын “қылмыс” деп санайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ғалымжан Молданазар. Скриншот: Видеодан

Ғалымжан Молданазар. Скриншот: Видеодан

“Телеарналардың түсірілімдерінде қылмыс жасауға тура келді. Өйткені біздің телеарналар жанды дауыста жазба жасап, оны орындатуға дайын емес. Үлкен аудиторияда ешқашан фонограммамен ән айтқан емеспін, айтпаймын да”, – деді ол.

Әнші қазақ қоғамының мейілінше жақсы жағын ғана көруге тырысатынын айтты. Сондай-ақ ол мәдениет саласында жүрген жандардың талантты жастарды байқамай жататынын жа жасырмады.

“Көп нәрсе өзгеріп жатыр. Оны көретін көз керек, мойындай білу керек. Бүгінде көптеген жас әншілер тірідей дауыста ән салып жүр. Бірақ олар мәдениет саласында жүрген жандардың немесе телеарнадағы журналистердің көзіне көп түсе бермейді. Әртістердің де кемшілігі бар. Олардың өздерін халыққа жақсы көрсету, аудиторияға сата білу білімі жоқ”, – деді Ғалымжан.

comments powered by HyperComments