Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің бірнеше облысында жел күшейіп, бұрқасын болады
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел 18-23, екпіні 30 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде де жаяу бұрқасын болып, желдің күші 18 м/с болады. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынд жаяу бұрқасын, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды, Маңғыстау облыстарын тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.