Домой Новости Елбасының АҚШ-қа тарихи сапары қалай өтті? (фото)

Елбасының АҚШ-қа тарихи сапары қалай өтті? (фото)

U.S. President Donald Trump meets with Kazakhstan President Nursultan Nazarbayev at the White House in Washington, U.S., January 16, 2018. REUTERS/Kevin Lamarque

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 16-18 аралығында ресми сапармен АҚШ-та болды. Оны Америка президенті Дональд Трамптың өзі шақырған болатын деп хабарайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Bnews.kz

15 қаңтарда кешкі сағат сегіздер шамасында президент борты Вашингтонға келіп қонды.

16 қаңтар күні сағат 12:00-ед Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйге келді. Оны Дональд Трамп күтіп алды.

Фото: NUR.KZ

Бір-бірін қуана қарсы алған ел басшылары Ақ үйдің батыс қанатына барды.

Фото: akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Рузвельт кабинетіндегі құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.

Фото: akorda.kz

Осыдан кейін Назарбаев пен Трамп бетпе-бет отырып тілдесті.

Позже президент Казахстана озвучил свое заявление на встрече с Трампом.

Назарбаев Трампқа АҚШ-қа арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.

“Біздің кездесуіміз сенім мен достық туының астында өтіп жатыр. Менің бұл сапарымының нәтижесі Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынасты нығайту болмақ”, – деді елбасы.

Кездесу барысында ел басшылары Астана мен Вашингтон қарым-қатынасының жаңа дәуірін, Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы және Солтүстік Корея саясаты туралы сөйлесті.

Фото: akorda.kz

Трамппен Ақ үйдегі кездесуден кейін Назарбаев америкалық бизнесмендермен кездесті.

Фото: nur.kz

Онда құны 7 миллиард доллардан асатын 20-дан астам коммерциялық құжаттарға қол қойды.

Кешірек мемлекет басшысы Нью-Йорктағы Линкольно-орталығында орналасқан “Астана Балет” театрына барды

18 қаңтарда Назарбаев Нью-Йорктағы БҰҰ-ның қауіпсіздің кеңесінде төрағалық етті.

Қорытынды баспасөз маслихатында Қазақстан президенті БҰҰ кеңесінде төрағалық ету – бүкіл Қазақстан үшін үлкен жетістік екенін атап өтті.

Фото: BNews.kz

“Мен бір кездері жай ғана қазақтың баласы едім, ал қазір БҰҰ кеңесінде төраға болып отырмын.

Кей елдер тіпті, ұйым кеңесінде әлі де болмаған.Ал біздің мемлекет төрағалық етуші мемлекет”, – деді елбасы.

БҰҰ қауіпсіздің кеңесін ашқан соң Назарбаев Польша президенті Анлдей Дудамен кездесті.

Фото: BNews.kz

Ресми сапар аяқталған соң Назарбаев қорытынды баспасөз маслихатын ұйымдастырды.

Ол Трамппен кездесудің өтен жоғары дәрежеде өткенін атап өтті.

Президент журналистерге берген сұхбатында Трампты Қазақстандағы гольф ойынына арналған алаңды көріп, баға беріп кетуге шақырғанын айтты.

Фото: BNews.kz

comments powered by HyperComments