Барша қыз-келіншектердің жүрегін жаулаған белгілі түрік актері Бурак Өзчивитпен отау құрған танымал актриса Фахрие Эвджен әлеуметтік желілерде тегін өзгертіп жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдан бері қос ғашық жұптарын жазбай келеді. Ал 2017 жылдың 9 наурызында Бурак Фахриенің қолын сұрап, үйлену туралы ұсыныс жасады.
Ал шаңырақ көтеру тойларын жұлдызды жұп 2017 жылдың 29 маусымында Ыстамбұлда дүркіретіп атап өткен болатын.