Димаш Құдайберген шетелде жылдың алғашқы марапатына ие болды. әнші Weibo Аwards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясының үздігі атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш Құдайберген. Фото: Instagram
“Армысыздар, құрметті өнерсүйер қауым! “Weibo Аwards” жобасында “Музыкадағы жаңа күш” номинациясы бойынша жеңіске жетіп жатырмыз. Осы сыйлықты алуыма бірден-бір себепкер болған өздеріңіз. Баршаңыздың қажырлы еңбектеріңіз, қаншама уақыт маған берген дауыстарыңыз ақталды. Сіздердің рұқсаттарыңызбен, өзімнің және барша тыңдармандарымның атынан осы сыйлығымды ұстазым-Марат Әйтімовке арнағым келеді”,-деді ол.
Димаштың ұстазы Марат Әйтімов болса желідегі парақшасында қуанышымен бөліскен.
“Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды!Сөзім жоқ!”,-деді Димаштың ұстазы.