Домой Новости Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

Сноптиктер болжамы бойынша, демалыс күндері республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қатты аяз сақталып, батыс аймақтарда температура төмендейді деп хабарлайды Казгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

27 қаңтар күнгі ауа-райы болжамы. Казгидромет

27 қаңтар күнгі ауа-райы болжамы. Казгидромет

Бұл күндері жауын-шашын күтілмейді. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман және бұрқасын болуы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 30 м/с жетіп, аса күшеюі күтіледі. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 23 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады.

Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с болады. Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

comments powered by HyperComments