Домой Новости Бір үйдің екі баласы өртенген: Ақтөбеде қаза тапқан 44 адамның мәйіті танылды

Бір үйдің екі баласы өртенген: Ақтөбеде қаза тапқан 44 адамның мәйіті танылды

Ақтөбеде жолаушылары тірідей жанып кеткен автобустағы мәйіттер түнде облыс орталығындағы мәйітханаға жеткізілді. Күйіктің қатты болғаны сондай, мамандарға мүрделерді тану қиынға соғып жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бір үйдің екі баласы өртенген: Ақтөбеде қаза тапқан 44 адамның мәйіті танылды

Бір үйдің екі баласы өртенген: Ақтөбеде қаза тапқан 44 адамның мәйіті танылды

Қазіргі уақытта күйіп кеткен 52 адамның 44-нің ғана кім екені анықталып отыр.

«Ауа райының қолайсыздығы тергеу жұмыстарын қиындатты. Қазіргі уақытта 44 адамның денесі анықталды. Қатты күйіктен денелерді анықтау мүмкін болмай жатыр. Мүрделердің барлығы Ақтөбедегі мәйітханаға түнде жеткізіліп болады.

Денені тану жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс ауқымы үлкен. Күндізгі кезде жұмысты аяқтау мүмкін болмады. Бүгін түске дейінгі мезгілде өрттің шығу себебі анықталып болады деп ойлаймыз. Өрт шыққан кезде жүргізуші жолаушыларды құтқармақ болған. Оқиғада қылмыстың белгілері жоқ», – деді Ішкі істер минситрінің орынбасары Ерлан Тұрғұмбаев.

Автобуста жұмысқа бара жатқан 31 және 24 жастағы бір үйдің екі бірдей баласы болғаны айтылып жатыр. Жолаушылардың ең жасы 19 жаста болса, алды 40-тан асқан.

Түнде жеткізілген мүрделерге сот медициналық сараптама жұмыстары басталып кетті. Жұмыстар толықтай аяқталысымен мүрделер көрші елге жеткізілетін болады.

Облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқан бес науқастың да жағдайы тұрақты.

comments powered by HyperComments