Домой Новости Баянның телехикаясында басты рөлді сомдаған ару лауазымды тұлғаның қызы болып шықты (фото)

Баянның телехикаясында басты рөлді сомдаған ару лауазымды тұлғаның қызы болып шықты (фото)

Әлеуметтік желіде «Қозы Корпеш-Баян сұлу» сериалына қатысты дау басылар емес. Жергілікті жұрт сапасыз түсірілген киноға кеткен қаржымен қатар атышулы продюсер Баян Алакөзова басты рөлді ойнаған бойжеткенді Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлаштың қызы Гүлзадаға әдейі беріп, қомақты сыйақы алды деп айыптап жатыр. Тіпті, шенеунік қызының бағы үшін Баян Мақсатқызының отбасысына Алакөл елді мекенінің маңайынан 800 га жер сыйлаған деген ақпарат тарады деп хабарлайды NUR.KZпорталы

"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" сериалы.

“Қозы Көрпеш-Баян сұлу” сериалы.

Аталған шулы хаттың көшірмесі заңгер Айгүл Орынбектің facebook-тегі парақшасында жарияланған. Блогер “Баян ханым, егер таза болсаңыз мынандай əңгімелер ермес еді артыңыздан. Спонсорларды лақтырып, сериал түсіргеніңіз үшін жер алып жатсаңыз бұл нағыз коррупция . Мұны жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тексеріп көргені дұрыс болады деп ойлаймын. 54 миллион теңге жерде жатқан ақша емес!Халықтың салығы! Халық өз қаржыларының қайда кетіп жатқанын сұрауға құқылы!” деп жазба қалдырды ол facebook-тегі парақшасына.

«Алакөзова Баян сұлудың рөліне Алматы облысы әкімі орынбасарының қызын түсірген. Сол үшін әкімнің орынбасары Алакөзовтарға Талдықорған жақтан бара жатқанда Алакөлдің маңайынан 800 га жер сыйлаған екен деп естідім. Оны бір жерде отырғанда өздері айтып мақтанып отырады деп осы дастарханда бірге болған таныстарым айтты. Ол жерді Бағым Мухидинованың атына жазыпты. Ол жерді Тұрсын Алакөзовтың бұрыңғы әйелі біліп қоймас үшін. Ол жерге енді демалыс орнын салады «мыс»» деп жазылған хатта.

Баян Мақсатқызын қаралаған хаттың көшірмесі.

Баян Мақсатқызын қаралаған хаттың көшірмесі.

Осы дауға хатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат Жүкел пікір білдіріп даудың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлаш және қызы Гүлзада Тұрлаш пен Баян Мақсатқызы.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Лаззат Тұрлаш және қызы Гүлзада Тұрлаш пен Баян Мақсатқызы.

«Баян Мақсатқызына 800 га жер берілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Баян сұлу рөлін сомдаған Гүлзада Тұрлаш расымен де Алматы облысы әкімі орынбасары Лаззат Махатұлының қызы. Бірақ ол сериалға түсу үшін арнайы кастингтен өткеннен кейін продюсер өзі таңдады. Тіпті, бойжеткен осы туралы жыл басында БАҚ-на сұхбат та берді» деп жазды Ғалмұрат Жүкел.

Желі қолданушылары болса екіге жарылып бірі сериалға кеткен қаржы мен жерді қайтарсын десе, енді бірі жалған ақпарат таратқандарды сотқа беріп жазалау керектігін айтып шулап жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан» Ұлттық арнасында көрсетілген «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сериалы елдің сынына ұшырап, эфирден алынып, арты дауға ұласқан еді. Тіпті, белгілі журналистер кеткен шығынды қайтаруды талап етіп, қол жинаған болатын.

comments powered by HyperComments