Домой Новости Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева ашық түрде жауласа бастады

Баян Алагөзова мен Меруерт Түсіпбаева ашық түрде жауласа бастады

Баян Алагөзова атышулы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалына сын айтқандарға Instagram парақшасында жауап берді. Ал кезінде киноға түскісі келіп сұранған Меруерт Түсіпбаеваға “өз жобаларыма шақырмағаным үшін кешір” деп мысқылдады. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Баян Алагөзованың Instagram парақшасынан скриншот

Баян Алагөзованың Instagram парақшасынан скриншот

Продюсер сериал түсіруге деп бөлінген 54 миллион теңгені жіліктеп тұрып есебін берді. Ол әр серияға тоғыз миллионнан жұмсалғанын айтты. Ал 22 пайызы салыққа төленіпті. Өндіріске жеті миллион (21 000 АҚШ Доллары) қалған. Баян Мақсатқызы бөлінген қаржы жетпегендіктен тіпті өз қалтасынан 13 миллион теңге шығарғанын да жеткізді.

Ол «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалы өте жоғары дәрежеде түсіріліп, халық көңілінен шықты деп санайды. Ал киноны сынап, қарсы қол жинап жатқандар продюсерге тікелей өкпесі бар немесе қызғаныш оты лаулаған жандар болуы мүмкін.

Баян Алагөзованың сөзіне сүйенсек, Меруерт Түсіпбаева аталмыш сериал түсірілмес бұрын кастинг директорына бірнеше рет хабарласып, Баян сұлудың анасын сомдағысы келетінін айтқан екен. Сондай-ақ жаңа жылдық бағдарламаның түсіріліміне қатысқысы келген әнші барлығынан шеттетіліп қалыпты. Продюсер өз кезегінде әншіден “кешірім” сұрап, жақсы ән жазуға кеңес берді.

Сондай-ақ Баян Мақсатқызы сериалды түсіруге тер төккендердің еңбегін бағаламағандарға ашынып, өзін қолдайтын жандарды желіден іздеді.

“Сериалды эфирден алып тастасын деп, 217 адамның қолын жинапты. Қалайша оған тер төккен жүздеген адамның еңбегін оп-оңай жоққа шығаруға болады? Мен енді оған қолдау білдіретін адамдарды жинайын. Құрметті достар, киноға көзқарасыңыз оң болса қолдаймын деп пікір қалдырып, аты-жөндеріңізді жариялауды өтінемін”, – деп жазды ол.

comments powered by HyperComments