Домой Новости БАҚ: Отандық әншінің Мәскеудегі мейрамханасынан VIP казино табылды

БАҚ: Отандық әншінің Мәскеудегі мейрамханасынан VIP казино табылды

Атақты «А-Студио» тобының негізі қалаушы музыкант Байғали Серкебаевқа тиесілі Мәскеу мейрамханасында элиталық казиносы бар екені анықталды деп хабарлайды Mash телеграм-арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

БАҚ: Байғали

Байғали Серкебаев

Олардың ақпаратынша, тыйым салынған мекеме Тверск көшесіндегі Emporio мейрамханасының ішінде орналасқан.Казиноның сыртында “Қызметкерлерге арналған есік” деген тақтайша бар көрінеді.

Федералдық қауіпсіздік қызметі бұл туралы қайдан естіп-біліп алғаны әзірге белгісіз.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құмар ойындар үстелін, чиптерді, карталарды және оларды араластыруға арналған машинаны тәркілеген.

comments powered by HyperComments