
Атақты «А-Студио» тобының негізі қалаушы музыкант Байғали Серкебаевқа тиесілі Мәскеу мейрамханасында элиталық казиносы бар екені анықталды деп хабарлайды Mash телеграм-арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Байғали Серкебаев
Олардың ақпаратынша, тыйым салынған мекеме Тверск көшесіндегі Emporio мейрамханасының ішінде орналасқан.Казиноның сыртында “Қызметкерлерге арналған есік” деген тақтайша бар көрінеді.
Федералдық қауіпсіздік қызметі бұл туралы қайдан естіп-біліп алғаны әзірге белгісіз.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері құмар ойындар үстелін, чиптерді, карталарды және оларды араластыруға арналған машинаны тәркілеген.