Домой Новости Қазақтың дзюдошы жігіттері Гран при турнирінде атой салды (видео)

Қазақтың дзюдошы жігіттері Гран при турнирінде атой салды (видео)

Тунисте өткен дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде қазақ дзюдошылары табысты өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады деп жазады NUR.KZ.

73 келі салмақта сынға түскен Жансай Смағұлов ресейлік және франциялық қарсыластарын жеңіп, чемпион атанды.

90 келіде бақ сынаған Ислам Бозбаев Тунис және Словакия балуандарын жеңіп, алтын медаль иеленді.

Одан бөлек, Ғұсман Қырғызбаев, Виктор Демьяненко және Ерлан Серікжанов қола жүлде иегерлері атанды.

comments powered by HyperComments