Домой Новости Қазақстандық актриса халықаралық жарыста алтын медальды жеңіп алды (фото)

Қазақстандық актриса халықаралық жарыста алтын медальды жеңіп алды (фото)

Қазақстандық Мөлдір Мекенбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде бразилиялық джиу-джитсудан өткен Халықаралық Грэнд Слэм жарысында алтын медальды жеңіп алды. Бұл туралы Sportinform сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мөлдір Мекенбаева. Фото: sport.inform.kz

“Мен 3 мәрте боз кілемге шықтым. Біріншісін сабмишнмен жеңдім, қалған екі белдесуді ұпай санымен алып кеттім. Әрине, қиындықтар қайда болса да бар, бірақ маған ұнайды. Бұл – менің Әбу-Дабиге екінші рет келуім. Бірінші рет 2016 жылы әлем чемпионатына келдім. Бүгін міне Grand Slam World Tour халықаралық жарысында белдестім. 2018 жылды мен алтынмен бастадым және бұл менің алдағы жетістіктердің жалғасы болады деп үміттенемін”, – дейді Мөлдір.

Мөлдір Мекенбаева марапаттау рәсімінде. Фото: sport.inform.kz

Айта кетейік, Мөлдір Мекенбаева қазақстандықтарға «Мұраға қалған махаббат» (Любовь по наследству) және «Саяхатшы» (Путешественник) сияқты фильмдері арқылы таныс.

Ал қазір бойжеткен “Қазақ батырлары” тарихи сериалына түсіп жатыр. Ол онда басты рөлді сомдайды.

comments powered by HyperComments