Махаббат хикаяларымен елді шулатудан шаршамайтын еліміздегі атышулы жұп қайта қосылды. Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында екінші жарымен түскен суреттерін жариялап, қарындасын сүйіктісімен бірге құттықтағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы жұп. Скриншот: Instagram
“Біздің энергияға толы қарындасымыз Даянаны сүйікті және ақылды жанмен бірге туған күнімен құттықтадық”,-деп жазды ол.
Екеуінің бірге жүрген суретін көрген желі қолданушылары олар үшін қуанышты екендерін жеткізсе, енді біреулері оларды қатаң сынға алды.

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram

Оқырмандар пікірі. Скриншот: Instagram
“Қайтадан қосылып алғансыңдар ма? Екеуіңнің де ұяттарың жоқ екен!”, “Қосылып ажырасудан сендер-ақ шаршамадыңдар ғой, сөзім жоқ!”, “Масқара! Бұл адамдарға не болған өзі? Кезекті жарнама шығар”, “Бақытты болыңыздар!”, “Сіздер үшін қуаныштымыз!”,-деді желідегілер.
Еске салсақ, Ақбота Сейітмағамбет өткен жылдың күз айында Дәуренмен ажырасқандарын мәлімдеген еді. Әнші жарының өзін хиджап киіп, үйде отыруға үгіттегенін айтқан еді.