Домой Новости Атырауда жат ағымға ерген жігіттер бейтаныс адамды арматурамен сабап тастаған

Атырауда жат ағымға ерген жігіттер бейтаныс адамды арматурамен сабап тастаған

Атыраудың 27 жастағы тұрғынан екі азамат алып қашып кеткен. Олар жәбірленушінің 600 мың теңге тауып беруін талап етіп, екі сағат бойы темір арқаумен сабаған деп хабарлайды “Мой Город” ақпараттық порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Оқиға 4 қаңтар күні СМП-136 ауданындағы Датов көшесінде тіркелді. Екі белгісіз азамат 27 жастағы жергілікті тұрғынды көлікке күштеп отырғызып, қала сыртындағы молаға алып барады. Ол жерде жабірленушіні темір арқаумен сабап, 600 мың теңге тауып беруін талап еткен.

“Бұзақылар ресейлік нөмір тағылған “Лада-21114″ маркалы көлікте жүрген. Олар екі сағаттық азаптаудан кейін жігітті қалаға қайта әкеліп тастаған. Жәбірленуші полицияға болған оқиға туралы хабар бергеннен кейін жедел іздестіру шаралары қолға алынды”, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Тексеру барысында бұзақылардың Атырау облысы аумағынан шығып, ОҚО-ға бет алғаны мәлім болды. Олар Атырау қаласының 27 және 30 жастағы тұрғындары екен.

Бұрын сотты болған азаматтардың екеуі де өзге ағымның өкілі болып шықты.

“Күдіктілер Түркістан қаласында құрықталып, “Адам ұрлығы” дерегі бойынша 125-баппен айыпталуда”, – дейді Назымгүл Қайсағалиева.

comments powered by HyperComments