Бүгін проваслав әлемі Крещение мерекесін тойлайды. Кешегі түннен бастап астаналықтар дәстүрлі түрде суық суға шомылу рәсімін мұсылман бауырларымен бірге орындады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Алена Бутенко
Биыл астаналықтар арасында ойыққа сүңгушілер қатарының артқаны соншалық, купельдер (суға түсетіндер үшін арнайы ыдыс) санын да көбейтуге тура келген.

Фото: Алена Бутенко
Есілдің әр жағалауында төрт бірдей арнайы ыдыс орнатыпты. Екеуі «Гранд Алатау» тұрғын-үй кешенінің жанында, тағы екеуі St.Regis қонақүйінің алдына қойылған.

Фото: Алена Бутенко
Әрбір ойықта ондаған адамнан сүңгіді. Оның ішінде діндарлардан бөлек, өзінің денсаулығын шынықтырғысы келгендер де болды.

Фото: Алена Бутенко
“Бүгін мұсылман бауырларымыз тағы да бізбен бірге суға түседі”, – деген шу естіледі.
Астананың ауа-райы да Крещение мерекесіне сай келіп тұрғандай. Кеше қаладағы температура -26 градусқа дейін төмендеді.

Фото: Алена Бутенко