Домой Новости Астана тұрғыны әйгілі “Mega Silk Way” сауда үйіне қазақы атау беруді ұсынды

Астана тұрғыны әйгілі “Mega Silk Way” сауда үйіне қазақы атау беруді ұсынды

Астаналықтар “Mega Silk Way” сауда орталығы атауын “Жібек жолы” деп етіп өзгерту туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды өңірдегі тілшісі NUR.KZ.

Көрнекі фото: Stepline.kz

Көрнекі фото: Stepline.kz

Қала тұрғыны, сауда орталығы басшыларына “Mega Silk Way” атауын қазақыландыру керек екенін айтады.

“Бұрын бұл Мега, өздеріңіз білесіздер, оң жағалауда болған еді. Қазір, мына ЭКСПО аумағына көшірілді. Айтайын дегенім, осындай үлкен сауда орталығына неге қазақы атау бермеске? Жарайды, Мега деген брэнд шығар, сонда да атауын қазақыландырып, мәселен, “Жібек жолы” деп қойса болатын еді ғой. Тіпті, сол Жібек жолы десе орталық қазіргіден де атақты болар ма еді? Себебі, тарихта Ұлы Жібек жолының алар орны ерекше ғой, оны күллі әлем таниды”, – деп өз пікірін білдірді шаһар тұрғыны.

Сонымен бірге, елорда тұрғыны “Mega Silk Way” деген атау шетелге еліктеушілік екенін, салдарынан жастардың ана тіліне деген құрметі төмендейтінін атап өтті.

“Біздікі әйтеуір шетелге еліктеу ғой, соларда не шықса, соны қағып алып, ол аздай, ұрпаққа сіңдіруге әуеспіз. Оң жағалаудағы бұрынғы “Мега” орталығына да “Keruen City” деген атау берді. Ол да түсініксіз, Керуен деп атаса жарайтын еді, жоқ, “city” т.т. деп шетел сөздерін шұбыртып жалғап қояды. Мұндайлар қалада көп, айта берсең, жақ шаршайды”, – деп күйінді астаналық тұрғын.

comments powered by HyperComments