Домой Новости Алматылық “мажор қыздың” шалқыған өмірі туралы не білеміз? (фото)

Алматылық “мажор қыздың” шалқыған өмірі туралы не білеміз? (фото)

Алматылық бай-бағландардың қыздарының өмірі мен тыныс-тіршілігі қандай? Соңғы уақытта қалталы қыздарды заманауи тілмен “мажор қыздар” деп атау сәнге айналған. Сондай мажор қыздардың бірі Қымбат өзі туралы NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Қымбат

Қымбат Қазақ Ұлттық университетінің төртінші курс студенті, алматылық ару сабаққа жеке көлігімен қатынайды. Жеке көлігін жүргізіп жүргеніне бірнеше жыл болған.

Қымбат

“Менің ойымша қазіргі қыздардың көпшілігі өздерінің жеке көлігімен жүреді. Мәселен, мен оқитын оқу орнында көптеген қыздардың көлігі бар. Сондықтан бұл Алматыда қалыпты жағдай”, – дейді студент.

Қымбат

Жеке өмірі мен отбасын құпия қалдыруды сұраған Қымбаттың айтуынша, киімдерді танымал брендтерден сатып алғанды ұнатады, бос уақытында құрбыларымен дүкен аралап, шоппинг жасауды әдетке айналдырған.

Қымбат

Қымбат шоппинг жасап жүр

Қымбат айына шоппингке косметикалардың бағасын қоспағанда 80-90 мыңнан аса ақша жұмсайды, осы уақытқа дейінгі жасаған ең қымбат саудасы таза теріден жасалған ішік пен Дубайдан алған сағаты болған.

Қымбат шоппинг жасап жүр

Қымбат шоппинг жасап жүр

Сонымен қатар сұлулық салонына тұрақты түрде ай сайын барып тұрады.

Қымбат

“Біз құрбыларымызбен жиі кездесеміз, өзімізге күтім жасау үшін сұлулық салондарына жиі барып тұрамыз, себебі қас, кірпік, тырнақ, бет және шаш күтімі тұрақты түрде жаңартылып отыру керек. Сосын бос уақытымызда дүкен аралаймыз”, – дейді Қымбат.

Қымбат

Күзде туған күнін атап өткен ол, туған күн кешін Алматыдағы танымал клубтың бірінде тойлаған.

Қымбат

Сабақтан бос уақытында бимен айналысатын Қымбат: “сауда жасауға, қыдыруға, оқуыма төлеуге ақшаны анам береді”, – дейді.

Алматылық “мажор қыздың” шалқыған өмірі туралы не білеміз? (фото)

Қымбат

Қымбат

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Эксклюзивті материалды көшіріп басуға редакция тарапынан қатаң тыйым салынады!

comments powered by HyperComments