Домой Новости Алматы облысында көмірге таласып жатқан жүздеген адамның видеосы желіде тарап кетті (видео)

Алматы облысында көмірге таласып жатқан жүздеген адамның видеосы желіде тарап кетті (видео)

Қатты аязда жылынарға көмір таппай отырған Алматы облысының тұрғындары көмірді қаппен сататын орындарда қара отынға жапа-тармағай таласа жөнелген

Видеоны редакцияға жолдаған оқырманның айтуынша, бұл жайт Алматы облысында орын алған. Көмір тапшылығын тартқан тұрғындар үшін суық үйлері пана болмай отыр, дейді ол.

Ал видеода көмірді қапқа салып үлгеру үшін жұрт тіпті жүк көлігінің үстіне шығып алып, қара отынға таласуда.

“Бұл не сұмдық?! Мұны қалай түсіндіруге болады?! Еш жерде көмір жоқ. Ел көмірді делдалдар арқылы осылай сатып алуға мәжбүр. Олар бір қап көмірді 800-1200 теңгеге сатып жатыр. Көмір іздемеген жеріміз жоқ. Вацап арқылы көмірдің қайда сатылып жатқанын сұрап әуреге салынып жатыр. Бұл халықты мазақ ету ғой!”, – деп жазды оқырман.

Оқырманның айтуынша, видео Алматы облысы Ұзынағаш елдімекенінде болған.

Бұдан бөлек, желіде Алматы облысы Есік қаласының тұрғындары жіберген видео да тарап кеткен.

comments powered by HyperComments