Домой Новости Алматы облысы тас жолында алапат өрт болып, көлік жүргізушісі қайтыс болды

Алматы облысы тас жолында алапат өрт болып, көлік жүргізушісі қайтыс болды

Алматы облысындағы жолда болған алапат өрттің видеосы жолданды. Онда жеңіл автокөлік пен фургон жанып кеткен.

Видеодан скриншот

КТК арнасы хабарлағандай, куәгерлер өртті өз беттерінше сөндірмек болған. Алайда оған шамалары жетпепті. Тек өрт сөндірушілер келіп қана, жалын ауыздықталды.

Оқыс оқиғада жеңіл автокөлік жүргізушісі көз жұмды.

Өрттің нақты қалай тұтанғаны әлі белгісіз. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

comments powered by HyperComments