Домой Новости Қала ішін айналып жүретін автобустардан мезі болған астаналықтар тағы да жанайқайын айтты

Қала ішін айналып жүретін автобустардан мезі болған астаналықтар тағы да жанайқайын айтты

Астанада шаһар ішін айналып жүретін автобустарға қатысты тағы да шу шықты. Елордалықтар, бұл жолы да автобустар маршруттары қисынсыз екенін, салдарынан қоғамдық көліктер шағын қаланы «мың» айналатынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Көрнекі фото: today.kz

Көрнекі фото: today.kz

Тұрғындардың айтуынша, мәселен, №51 автобус қаладағы Қабанбай даңғылына екі рет айналып келеді екен.

“Бұл қанша рет айтылғанымен, шешілмейтін дүние болды. Өткенде ғана сіздердің порталдарыңыздан осы жайлы мақала оқыған едім. Жазудай-ақ жазып жатырсыздар, айтылып та жатыр, бірақ әкімдік құлақ асатын емес.

Өткенде, №51 автобусқа отырған едім, Қабанбай даңғылына келіп, жоғары қарай Тұран көшесіне бет алды. Сосын бір-екі көше жүрді де, тағы Қабанбайға түспесі бар ма? Ол аздай мына аязда аялдамада қанша күттім.

Сол сияқты №21, 14 сияқты автобустардың бәрі сондай, бір сол жағалаудың біресе ана тұсынан, біресе мына тұсынан шығып, қаныңды қайнатады”, – деп күйінді астаналық Бақытжан Тұртаев.

Сонымен бірге, шаһар тұрғыны, аталмыш мәселені қала әкімі Әсет Исекешовтың өзі шешсе деген пікір білдірді.

“Әсет Орынтайұлы мен әкімдіктің құлағына алтын сырға, қаладағы қоғамдық көліктердің маршруттарын қайта қарасаңыздар. Осы мәселе сіздің құлағыңызға жетсе, мәселе тез арада шешіледі деген ойдамыз”, – деп сөзін қорытындылады тұрғын.

comments powered by HyperComments