Домой Новости Ақтөбедегі өрттен қаза болған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды

Ақтөбедегі өрттен қаза болған 52 өзбек азаматы жер қойнына тапсырылды

Өзбекстанда Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза болған азаматтар жерленді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Аза тұтып отырған ауыл халқы. Фото: Азаттық

Аза тұтып отырған ауыл халқы. Фото: Азаттық

Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.

Фото: Азаттық

Фото: Азаттық

Еске сала кетейік, қаңтардың 18-і күні Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған еді.

Фото: Азаттық

Фото: Азаттық

Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам аман қалған.

Марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатқан тұрғындар. Фото: Азаттық

Марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатқан тұрғындар. Фото: Азаттық

Қазір Наманған жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр.

comments powered by HyperComments