
Өзбекстанда Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза болған азаматтар жерленді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Аза тұтып отырған ауыл халқы. Фото: Азаттық
Бұдан бұрын Өзбекстанның төтенше жағдайлар бойынша министрлік өкілі қаза болғандардың аты-жөндері толық анықталғанын айтқан. Министрлік сайтында марқұмдардың тізімі жарияланған.
Фото: Азаттық
Еске сала кетейік, қаңтардың 18-і күні Қазақстан арқылы Ресейге Өзбекстаннан еңбек мигранттарын апара жатқан автобус өртеніп кетіп, 52 жолаушы қаза болған еді.
Фото: Азаттық
Шымкент-Самара трассасында Ақтөбе қаласынан 320 шақырым жерде болған оқиғадан бес адам аман қалған.
Марқұмдардың жақындарына көңіл айтып жатқан тұрғындар. Фото: Азаттық
Қазір Наманған жұрты автобустағы өрт құрбандарын аза тұтып жатыр.