Домой Новости 52 адамның өмірі қиылған жерде Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір автобус жолда...

52 адамның өмірі қиылған жерде Өзбекстан азаматтары мінген тағы бір автобус жолда қалды (фото)

Ақтөбе облысындағы 52 Өзбекстан азаматы өртеніп кеткен жерде тағы да төтенше жағдай бола жаздады. Қалыбай ауылына жақын жерде техникалық ақауға байланысты автобус жүрмей қалған деп хабарлайды Aktobenews.kz-кесілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото Асқар Ақтілеудің Instagram парақшасынан адынды

Фото Асқар Ақтілеудің Instagram парақшасынан адынды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 21 қаңтарда кешкі сағат 21:30 шамасында Ырғыз ауданындағы Қалыбай ауылынан 24 шақырым жерде автобус тұрып қалған.

“Шымкент-Уфа” бағыты бойынша жолға шыққан “Сетра” маркалы автобуста техникалық ақаулар болған.

Фото: aktobenews.kz

Фото: aktobenews.kz

Ал көліктің ішінде 56 адам отырған, олардың басым бөлігі Өзбекстан азаматтары, соның ішінде төртеуі кәмелет жасқа толмаған балалар.

ТЖД жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетіп, техникалық ақауы бар автобус Қалыбай ауылына жеткізілен.

Еске сала кетейік, Ресейдің Қазан қаласына бет алған жолаушылар автобусы 18 қаңтар күні Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртке оранып, салдарынан 52 Өзбекстан азаматы қаза болған еді.

comments powered by HyperComments