Домой Новости 40 градустық аязға байланысты еліміздегі мектептерде сабақ тоқтатылды

40 градустық аязға байланысты еліміздегі мектептерде сабақ тоқтатылды

Астанада, Қарағандыда, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 22 қаңтар күні мектептер мен колледжердегі сабақтар 40 градустық аяз салдарынан болмайтын болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанда 40 градустық аяз салдарынан сабақтар болмайды

Қазақстанда 40 градустық аяз салдарынан сабақтар болмайды

Астанада сабақ болмайтыны туралы қаланың ресми сайтында жарияланған.

“22 қаңтар күні ауа райының нашарлауы салдарынан, бірінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқуышларына және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақтар болмайды», – делінген Астананың білім беру басқармасында.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің Facebook парақшасында 1-11 сынып оқушыларына ауа райы 30-35 градусқа дейін суып кетуіне байланысты сабақтар болмайтыны хабарланған.

Pavlodartoday.com сайтының мәліметіне сәйкес, жергілікті ТЖД облыс тұрғындарын сабақтар болмайтыны туралы SMS-хабарламалар арқылы құлағдар етіпті.

“22.01.2018 күні Павлодар облысында 40 градусқа дейін күн суиды. 1-11 сыныптарға сабақ болмайды”, – дейді департаментте.

Сонымен қатар, облыста колледжердің 1 курс студенттеріне де сабақ болмайды.

Ал Қарағандыда бастауыш сынып оқушыларының (0-4 сынып) сабақтары кейінге қалдырылды деп жазады ekaraganda.kz.

30-35 градус аяз салдарынан, 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды деп ескертеді ШҚО ТЖД.

Өскеменде 27 градусқа дейін күн суып, бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

“ҚазАқпарат” агенттігінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысында аяз салдарынан 1-11 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 45 градус аяз болатыны хабарланған еді.

comments powered by HyperComments