Домой Новости Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты

Жүрсін Ерман айтысқа радикалды діни топтардан қауіп төніп отырғанын айтты

Айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман биыл алтыншы рет өтуі тиіс “Алтын домбыра” ақындар айтысының төңірендегі дау-дамай туралы айтып, Жас алашгазетіне сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ.

ЖҮРСІН ЕРМАН

Жүрсін Ерманның айтуынша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі рұқсатын беріп отырған айтыс биыл өтпейтін болыпты.

Себебі, маңызды шараны өткізу «радикалдық діни ағымдардың мүшесі» делінетін ақындарға жүктелген. Жоғарыдағы басшылық халықаралық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер одағын бұл жауапкершіліктен шеттеп отыр. Ал ақындар болса, одақ болмаса қатыспаймыз деп, «Алтын домбырадан» бас тартқан.

Жүрсін Ерман сәуір айында елбасымен тікелей жолығып, айтысты жиі өткізіп тұру жөнінде тапсырмасын алған.  Бұдан бөлек, 15-желтоқсанда «Тәуелсіздікке тарту» деген атпен ұйымдастырылғалы отырған айтысқа да әкімдік шектеу қойыпты.

– Президент төл өнерді дамытып, жер-жерлерде айтыс өткізуді, соңынан қорытынды айтыс ұйымдастыруды тапсырған болатын. Дегенмен ел тізгінін ұстағандар патшаның бұл тапсырмасын біле тұра, айтыстың жолын кес-кестеуден таймай отыр, – дейді айтыс жанашыры.

comments powered by HyperComments