Домой Новости Қыруар ақша табатын отандық футболшылар ел есебінен жарты миллионға тамақтанған (фото)

Қыруар ақша табатын отандық футболшылар ел есебінен жарты миллионға тамақтанған (фото)

5 қараша күні «Тобыл» клубының футболшылары мен бапкерлері, әкімшілігі, сондай-ақ қызметкерлері Қостанай қаласындағы караоке-бардың бірінде футбол маусымының аяқталуына орай «кішігірім» отырыс өткізді деп жазады Prosport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қыруар ақша табатын отандық футболшылар ел есебінен жарты миллионға тамақтанған (фото)“ТОБЫЛ” КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫ. ФОТО: VK.COM

40-50 шақты қонақ Қостанайдағы MozArt караоке-барында маусымның аяқталуын тойлаған. «Кішігірім» отырыс бітіуіне жақындап, көңіл көтерушілер шотты сұратқанда даяшы қыз 600 мың теңге жазылған қағаз әкелген. 

Қыруар ақша табатын отандық футболшылар ел есебінен жарты миллионға тамақтанған (фото)ФОТО: PROSPORTS.KZ

Арада екі күн өткенде «Тобыл» футбол клубы» ЖШС-ның goszakup.gov.kz мемлекеттік сайтында мемлекеттік сатып алу бойынша есеп беруінде 581 022 теңге мемлекет қаржысы мерекелік кешті өткізуге жұмсалды деп жариялаған.

Яғни, миллионнан асатын айлық алатын футболшылар мен бапкерлер өз қалталарынан емес, мемлекет қазынасының қаржысына караоке-барда көңіл көтерген.

Айта кетерлігі, «Тобыл» ел біріншілігінің қорытынды кестесінде 5-ші орынға тұрақтап, еурокубоктан тыс қалды.

comments powered by HyperComments