Қазақ боксшысы Қанат Ислам бесінші рет сәбилі болды, оның отбасы тағы бір перзентпен толықты. Бұл туралы спортшының ресми парақшасындахабарланды.
“Үлкен қуаныш. Қанат Ислам бесінші рет сәбилі болды”, – делінген хабарламада. Алайда бұл тұста оның бесінші сәбиі ұл не қыз екенін көрсетілмеген.
Бұған дейін хабарлағандай, Қанат Ислам 3 қыркүйек күні Астанадағы бокс кешінде еш уақытта жеңіліп көрмеген Брендон Кукті нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен болатын. 33 жастағы Қанат Ислам сол күні өзінің 25-ші жеңісіне жеткен болатын.
comments powered by HyperComments