Домой Новости Төреғали Төреәлі өз концертіне келген қарияны залдан қуып шықты (видео)

Төреғали Төреәлі өз концертіне келген қарияны залдан қуып шықты (видео)

Танымал әнші Төреғали Төреәлі өз концерті кезінде ел алдында өзін ренжіткен қарияға дөрекі сөйлеп, кезекті рет “мінезін” көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Өз концертінде көрерменге аузына келгенді айтқан Төреғали ұятқа қалды (видео)

Кадр көрермен жолдаған видеодан алынды

Портал редакциясына Төреғалидің сахнадағы видеосын жолдаған көрермен оның бұл әрекетіне наразы екенін жеткізді.

Видеодан Төреғали өзінің көрерменіне ренжіп, түрлі дөрекі сөздерді айтқанын көруге болады.

“Мен сіздерге “оттың басы, ошақтың қасы”, үйдегі проблемаларымды айтып жатырмын ба ағайын, а? Болмаса сізге басымда мынанша кредитім бар еді деп жатырмын ба? Риза емессіз бе, мархабат, тұрыңыз да шығып кетіңіз ағайын! Мен ешкімді қинаған жоқпын, мен ешкімге концертіме келмесеңдер өліп қалайын дап жатырмын, мына жерде ауа жетпей, асылып өлейін деп жатырмын деген жоқпын, ағайын.

Өйтіп ренжуіңіз өте орынсыз көке. Еу, айналайын көке, ата сақалың аузыңа жетіп, жасың мыңға келіп, не айтып тұрсың мына жерге кеп ап? Менің де бір кісідей ашуым бар ағайын. Ешкім еріккеннен жүрген жоқ.

“Еріккен сарт енегін уқалайды” деген. Ұнамай ма, шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ”, – деді ол.

Алайда видеода көрерменнің әншінің шамына тиген тұсы түспей қалған. Сондықтан Төреғалиді ел алдында мұндай сөздер айтып, “сес” көрсетуіне не себеп болғаны белгісіз. Кей желі қолданушыларының айтуынша, бұл жайт Павлодардағы концертте орын алған.

comments powered by HyperComments