Домой Новости Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)

Жастығына қарамастан батыл қадамға барып, шаңырақ құрған жас отбасы бүгінде өте бақытты екендерін жеткізіп, тұрмыс тіршіліктері жайында NUR.KZпорталының тілшісіне сұхбат берді.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

Абай Түзелбай – ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің төртінші курс студенті, жұбайы Ботагөз Тәжік – Қазақ Бас Сәулет Құрылыс академиясының үшінші курсында оқиды.

Жастар Абай екінші курсты, ал Ботагөз бірінші курсты аяқтаған кезде отау құрған. Ол кезде бірі 21-ге толған жігіт болса, ал енді бірі 18-ге енді толған бойжеткен.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

Жас жұбайлардың айтуынша, екеуінің бас қосуына ата-аналары мүлде қарсы болмапты.

«Бізде Батыс өңірінде, әсіресе Ақтау қаласында жастар ерте шаңырақ көтереді. Мен өзім үйде үш ағайындымын, әпкем бар, ол қазір тұрмыста, інім бар, және мен. Ұлдың үлкені болып есептелгендіктен анам қарсы болмай, керісінше қуанды. Қазақтың дәстүріне сай жөн-жоралғыларды ұстана отырып, сырға салып, ұзатып алып келіп, той жасадық», – дейді Абай.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

Маңғыстаудан Алматыға арман қуып келген жастар бүгінде қаланың орталығында пәтер жалдап тұрады. Жоғарғы оқу орындарында арнайы отбасылы студенттерге арналған жатақханалар болса да, олар пәтер жалдап тұруды жөн көріпті.

«ҚазҰУ-да, оның ішінде журналистика факультетінің тоғыз қабатты студенттер үйінің жоғарғы екі қабатында отбасылы типтегі арнайы бөлмелер бар. Яғни, екі бөлмеден тұратын, үйге ұқсас, жанұялы студенттерге арналған бөлмелер.

Мен бастапқыда алып көруге тырыстым, бірнеше әрекеттер жасап та көрдім, комендантпен және оқытушылармен ақылдастым. Дегенмен, ол орындарды алудың тым ұзақ процесс екенін және оны кез келген адамдарға бере бермейтіндігін түсіндім. Ал, бізге Ақтаудан Алматыға келгенде тез арада орналасу керек болды. Сондықтан пәтер жалдауға бел будық», – деп түсіндірді отағасы.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

Айта кетейік, осы сұрақ бойынша NUR.KZ тілшілері студенттер үйіне барып аранйы сұрастырған болатын. Расымен де, отбасылы студенттерге арналған орындардан ешқандай да студенттерді таппадық. Есесіне, оқытушылар мен қызметкерлердің тұрып жатқанына көзімізді жеткіздік.

«Отбасылық жатақхана бөлмесін ұзақ күткім келмеді, себебі уақыт – алтын. Сондықтан, емін-еркін өмір сүру үшін пәтер жалдау қолайлы деп шештік. Мұндай жайт барлық отбасылы студенттерге таныс шығар. Жатақханадан орын бұйырмағаны үшін ешкімге ренішіміз жоқ. Бастысы жалдамалы болса да, пәтеріміз жайлы», – дейді Абайдың өзі.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

Оқумен қатар отбасылық өмірдің қиындықтарын қатар алып жүрген жас жұбайлардың әзірге сәбилі болмаған. Дегенмен, «Жаратқанның бергенін жарық дүниеге әкелу ойымызда бар», – дейді.

Бүгінгі таңда Абай отбасын асырау үшін төрт бірдей қызметкердің жұмысын атқарады. Журналистика факультетінің жоғарғы курс студенті болғандықтан телеарналарға бағдарлама дайындайтын медиакомпанияда жұмыс жасайды.

Студент кезінде шаңырақ көтерген жастар отбасылық өмірдің қиындықтары туралы айтты (фото)АБАЙ МЕН БОТАГӨЗ. ФОТО: ЖЕКЕ МҰРАҒАТТАРЫНАН

«Атауы үлкен төрт түрлі қызмет болып естілгенімен, барлығы бір кеңсенің ішінде бітетін шаруалар, сондықтан еш қиындық туғызбайды» – дейді Абай.

Ал Ботагөз әзірше еш жерде жұмыс жасамайды, тек қана сабақ және қосымша курстарға барады.

Дереккөз: NUR.KZ
comments powered by HyperComments