Домой Новости Өскеменде қызметке жақында тағайындалған лауазымды шенеунік шатылып жатыр

Өскеменде қызметке жақында тағайындалған лауазымды шенеунік шатылып жатыр

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді. Осыдан бірер ай бұрын ғана қызметке келген Расул Манаповтың үстінен енді тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өскеменде қызметке жақында тағайындалған лауазымды шенеунік шатылып жатыр

Қала басшылығы болса, жемқорлыққа қарсы тергеу шаралары оның әкімдіктегі жұмысына қатысы жоқ екенін айтуда. Сондықтан, ол әлі де штаттан шығарылмаған. Қазір демалыста жүр.

32 жастағы шенеунік бұған дейін де тәртіпсіздігімен көзге түсіпті. Күзде ғана демалыс базасына қызметтік көлігімен барғаны үшін қала әкімінен қатаң сөгіс алған екен.

Сонысы үшін жаза ретінде 2 ай бойы қоғамдық көлікпен қатынап, 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегіліпті.

Сөйтіп, коммуналдық кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп, мемлекетке келтірген шығынын өтеген болатын.

comments powered by HyperComments