Домой Новости Шымкентте көлік ұрлағысы келген жас жігіттерге өздері сенетін “Құдай көмектесе алмаған”

Шымкентте көлік ұрлағысы келген жас жігіттерге өздері сенетін “Құдай көмектесе алмаған”

Шымкентте  ескі автокөлікті ұрлағысы келген 20 жастағы екі жігіттің әрекеттері сәтсіз аяқталып, аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды деп хабарлайды TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте көлік ұрлағысы келген жас жігіттерге өздері сенетін "Құдай көмектесе алмаған"ОҚИҒА ОРНЫНАН ФОТО: TVK-UKO.KZ

5 желтоқсан күні таң атпастан екі жас жігіт Мангелдин көшесінде орналасқан үйдің ауласынан «Ауди 80» автокөлігін ұрлап кетеді. Тек қарақшылар үшін қала шекарасынан қашып шығу мүмкін болмаған. Автокөлік өте қатты жылдамдықпен жүрсе керек, олар Бәйдібек би даңғылында орналасқан Дендропарк жанындағы жарық бағанасына соғылады.

Соққының күшті болғаны соншалықты, неміс көлігі екіге бөлініп қалған. Қаскөйлер ғажайыптың арқасында аман қалса да, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Шымкентте көлік ұрлағысы келген жас жігіттерге өздері сенетін "Құдай көмектесе алмаған"ФОТО: TVK-UKO.KZ

Жансақтау бөліміне түскен жігіттердің бірінің кеудесіндегі «Тек Құдай ғана маған сот» деп жазылған татуировка өзіне назар аудартпай қоймады.

Десе де, көктегі күш жастардың бөтен біреудің затына қызығушылығын құптамаған секілді.

comments powered by HyperComments