Домой Новости Сарыағашта мектеп директоры қоластындағы мұғалімге қол жұмсады (видео)

Сарыағашта мектеп директоры қоластындағы мұғалімге қол жұмсады (видео)

Сарыағашта мектеп директоры қол астындағы мұғалімді ұрып жіберген. Білім ұясының басшысы мектепте кабинеттің есігін құлыптап қойып, ұзтазды соққыға жығыпты. Соқының салдарынан мұғалім есінен танып қалған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Мектеп директоры мұғалімді ұрды. Скриншот: Видеодан

Бұл сұмдық жағдай Сарыағаш ауданы, Махамбет Өтемісұлы атындағы №52 жалпы орта мектебінде болған. Оқушыны тәрбилейтін білім ұясындағы қызметкерлер тәрбиесіз қылық көрсетіп, жұрттың жағасын ұстатты.

Мектеп директоры мен ұстаздар арасындағы дауға жаңа орынбасардың жұмысқа келуі себеп болған. Директор қоластындағы ұзтаздарға өзінің жаңа орынбасарын таныстырған. Ал, ұстаздар қауымы болса, орынбасарлық қызметке келген азаматты мектеп директорының туысы деп қарсы шыққан. Сөйтіп, мұғалімдер бірігіп басшысына қарсы арыз жазады. Мұны байқап қойған директор арызды көрсетуін талап етіп, қол астындағы қызметкерлерге қоқан лоқы көрсетіпті. Мектеп басшысы кабинеттің есігін жауып қойып, өзіне қарсы шыққан мұғалімді ұрып жібереді.

“Хатшылар кабинетінде арыз жазып отырған едім. Директор Әділ ағай келіп не істеп жатсыңдар деді? Біз арыз жазып жатқанымызды айттық. Сосын ағай бірден қолымыздағы қағазға жабысып, жабылып кетті. Сосын есікті жауып шығармай қойды. Мен есікті ашыңыз деп жақындаған кезімде мені ұрып, ұшырып жіберді. Мен талып қалдым дейді” -басшысынан зәбір көрген мұғалім Майра Момынқұлова.

Директордан таяқ жеген мұғалімді көрген әріптестері көмекке полицияны шақыртады. Сондай-ақ басшысынан таяқ жеген азаматша аудандық прокуратураға да арызданыпты.

Ал, мұғалімге қол көтерген директор Әділ Исаевтың өзі бұл ақпаратты теріске шығарды. Айтуынша, қоластындағы қызметкерлерге былай тұрсын: “Әйеліме де қол көтермеймін” деп ақталды. Мұғалімнің қолындағы арызды талап етуіне бірнеше жағдай себеп болыпты. Өйткені хатшы кабинетінде отырған мұғалімдер мектепке қажетті құжаттарға қол тигізді деп күдіктенген.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы №52 мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы бұл алғашқы дау емес. Білім ұясындағы ұзтаздар мұның алдында басшысын жемқор деп айыптаған еді. Өйткені білім ұясында ұзтаздардан еш себепсіз үнемі ақша жиналады екен. Бір топ ұстаздар директордың сорақы әрекетін әшкерлеу үшін талай есікті тоздырған.

comments powered by HyperComments