Домой Новости Сәкен Майғазиев: 15 жыл сәби сүйе алмағанымызда тоқал алу туралы ойым болды

Сәкен Майғазиев: 15 жыл сәби сүйе алмағанымызда тоқал алу туралы ойым болды

Тұңғыш ұлынан кейін 15 жыл бойы екінші сәбилі болуды күткен Сәкен Майғазиев балалы болу үшін тоқал алу туралы ойы болғанын айтты. Бірақ, әнші әйелінің өзіне деген махаббатын құрметтегені үшін ондай қадамға бара алмағанын Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Сәкен Майғазиев жұбайымен. Фото: Интернет желісінен

Көп әйел алу туралы тақырып қозғалатын жерде жиі боламын. Ойымда болған жоқ деп періште болмай-ақ қояйын, ойландым менде. Мүмкін Алла тағала мені сынап жатқан шығар. Ертең ұлым үлкейіп, ересек жасқа келген кезде маған: «Әке, сол кезде шариғаттың шеңберінен шықпай, ата-бабамыздың дәстүрін ұстанып-ақ, екінші әйел алып болсын маған бауыр тауып бермедіңіз бе?”,- десе не бетімді айтамын дегенде ой болды”,- деді ол.

Сәкен Майғазиев жарының ақылдылығы мен сыйлылығы, өзіне деген құрметі мен махаббаты мұндай әрекетке баруына тосқауыл болғанын айтты.

Сәкен Майғазиев отбасымен. Фото: Интернет желісінен

“Менің марқұм ата-әжем мен әкем, көзі тірі анам, бүкіл әулетім жарым Динараны қатты құрметтейді. Барша таныстарым мен құрбылары, жеңгелерімнің өзі Динарамен кеңесіп, ақыл сұрайды. Кейде ағаларым, достарым: «Неге екінші әйел алмайсың? Үйің бар, жағдайың бар» деп жанашырлық білдіріп жатады. Сол орайда: «Аға, алайын –ақ десем, келінің Динара жақсы болып күйдіріп тұр ғой» деп айтамын. Динараның маған деген махаббатын қатты бағалаймын.

Менің өнеріме ғашық қыздар қазіргі Сәкен Майғазиевке ғашық, ал Динара болса атым қалыптаспай, «Музарттың» әншісі болмай тұрған, ештеңе жоқ кездегі Сәкенге ғашық. Қиындықты бірге көрдік, пәтерден-пәтерге, жатақханаға бірге көштік. Қияр мен қызанаққа ақша тапқанымызға қуанатын күндер болды. Қақаған қыста дүкенде нан да саттық. Әділет сол жерде дүниеге келді. Екеуміз киоскада жұмыс жасаймыз. Қиын-қыстау заманда ол жанымнан табылды. Маған “ақша таппадың” деп айтып көрген емес”,– деп ағынан жарылды ол.

Әнші қазақтың кей қыздарын көргенде: “Екінші әйел болуға лайық екен!” деген ойы болатынын да жасырмады.

Сәкен Майғазиев отбасымен. Фото: Интернет желісінен

“Динараның махаббатын қатты бағаладым десем де болады. Әйтпесе қазақта ақылды, инабатты қыздар өте көп. Кейде іштей қарап: «Шіркін-ай, мына қыз екінші әйел болуға лайық, қандай инабатты! Бұл екеуі Динарамен бір-бірін түсінісіп кетер еді» деген кездерім болады”,- деді.

Айта кететіні, Сәкен Майғазиев бүгінде бір ұл, екі қыздың әкесі.

comments powered by HyperComments