Домой Новости Ригада Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болды

Ригада Аслан Мусиннің ұлы қайтыс болды

Бұрын президент әкімшілігінің жетекшісі болған танымал тұлға Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Латвия астанасы Ригада қаза болды деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube-тағы видеодан алынған

Марқұмның қазасы жайлы суыт хабарды Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев хабарлаған.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, Асылбек 15 қабаттың терезесінен құлап, алған ауыр жарақатынан қайтыс болған.

“Демалыс болғандықтан криминалистикалық сараптама әлі жасалған жоқ. Өлімнің себебі және марқұмның өлер алдындағы жағдайы қалай болғаны тек қана сараптамадан кейін ғана белгілі болмақ. Полиция оның өзіне өзі қол салған болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, себебі бұдан екі ай бұрын оның азаматтық некедегі әйелі дәл осы терезеден секіріп кеткен еді”, – деп жазған Талғат Қалиев.

Айта кетейік, Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан президенті әкімшілігін басқарған еді.

comments powered by HyperComments