Домой Новости Әпкесін жанұшыра құтқармақ болған бүлдіршін жұрттың жүрегін елжіретті

Әпкесін жанұшыра құтқармақ болған бүлдіршін жұрттың жүрегін елжіретті

Татами атты күрес түрінен жарыста әпкесін жанұшыра құтқармақ болған бүлдіршін көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жағдай туралы ұлын жарысқа қатыстырған Тори Аллен Прендергаст баяндады. Ол ұлы Райанға күресте қыз бала қарсылас болғанын сөз етеді. Райан қарсыласын жарыста енді жыға бергенде, оған күтпеген жерден өзге бүлдіршін тап беріпті. Балақай жарыста жеңіліп жатқан қыз баланың інісі екен.

Бүлдіршін әпкесі жарысып жатқанын түсінбей, оған қауіп төнді деп ойлап қалыпты. Ол Райан әпкесін ренжітіп жатыр деген пікірмен еш ойланбастан жақынын қорғамақ болған.

Желіге жүктелген бұл жайттың видеосын бірнеше күннің ішінде 14 мың адам қарап үлгерді. Олар ержүрек балақайдың әрекетіне тәнті болуда.

comments powered by HyperComments