Домой Новости Петропавлда рингте қатты соққы алған 21 жастағы спортшы комаға түсіп қалды

Петропавлда рингте қатты соққы алған 21 жастағы спортшы комаға түсіп қалды

Петропавлда кикбоксингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде жарақат алған Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде комада жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Петропавлда рингте қатты соққы алған 21 жастағы спортшы комаға түсіп қалдыКӨРНЕКІ ФОТО: WWW.ALWATANVOICE.COM

21 жастағы астаналық спортшының миына екі рет ота жасаған дәрігерлер оның жағдайын тым мүшкіл екенін айтты. Екі күнге созылған жарыста Азамат Досымбай ақтық сайысқа дейін жетіп, 54 келіге дейінгі салмақта кикбоксингтен Қазақстанның күміс жүлдегері деген атақ алды.

Ақтық шайқаста қарсыласынан жеңіліп қалған ол рингте 15 рет соққы алған. Оны кейін бапкерлері камерадан көріп, санаған. Алайда жігіттің өміріне қауіп төндіретіндей қатты тиген жоқ дейді олар.

Марапаттау кезінде де оның ауырып тұрғаны білінбепті. Арада бір жарым сағат өткен соң есінен танып қалған жігітті жедел жәрдем облыстық ауруханаға алып кеткен.

“Ол бір айдың ішінде екі үлкен сайысқа қатысқан. Осыдан біраз бұрын Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Онда да соққылар алды, әрине. Оның денсаулығына кеше алған соққылар әсер етті ме әлде бұрынғысы ма, ол арасын дөп басып айта алмаймын.

Бірақ қазылар алқасы мен супервайзерлерге қоятын еш кінәміз жоқ. Олар дұрыс төрелік жасаған”, – дейді СҚО Туризмді дамыту және спорт басқармасының басшысы Руслан Есенәлин.

comments powered by HyperComments