Домой Новости Отандық продюсер “Жыл таңдауы” байқауының әділ өтпейтінін айтып, қатаң сынға алды

Отандық продюсер “Жыл таңдауы” байқауының әділ өтпейтінін айтып, қатаң сынға алды

Танымал продюсер Алуа Қонарова жыл соңында болатын “Жыл таңдауы” фестивалінің әділ өтпегеніне наразы болды. Таңдаулы әндерді сарапқа салған бұл премия продюсердің жобаларына жүлде бұйырмаған деп хабарлайды НТК арнасының “Ревю” бағдарламасынат сілтеме жасаған NUR.KZ.

АЛУА ҚОНАРОВА

Былтыр «Жыл таңдауы» премиясынан қанжығасы бос қайтқан Қонарованың командасы бұдан былай мұндай марапаттарға қатыспайтынын айтқан-ды. Алайда, жоба авторлары Алуаны райынан қайтарған.

“Шынымды айтсам, бұл премияға сенбеймін. Өйткені, әділдік жоқ! Әншіге достары мен жақындары дауыс береді. Олар музыкант емес қой. Кәсіби сарапшылардың шешімі дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан жобаларымды қатыстырғым келмеген. Бірақ, өтінген соң, сахнаға шығуымызға тура келді”, – деді Алуа Қонарова.

Алуа ханым үздік әндер мен орындаушылар сұрыпталатын сайысқа «Аюми» мен «Рензо» тобын тағы бір мәрте қосып көрген еді. Алайда,азулы продюсердің жобалары бұл жолы да жүлдесіз қалды.

“Шынымен де бір мынадай мүсіншеде тұрған ештеңе жоқ. Ең бастысы, халықтың көңілінен шықсақ сол жетеді”, – дейді «Renzo» тобының мүшелері.

comments powered by HyperComments